Атырауда дзюдодан ерлер және әйелдер ара сында Қазақстан чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Ерлер арасында 66 келіде бақ сынаған Сұңғат Жұбатқан күміс медаль иеленсе, қыздар арасында 52 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Әлмұханбетова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz
Ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.
Естеріңізге салайық бәсеке Атырау қаласындағы "Атырау"спорт кешенінде өтіп жатыр. Ел чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.